29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаңтар айының ортасында Алматыда дәрігер-гинекологқа науқас шабуыл жасап, медицина қызметкерінің беті қан-жоса болып жарақаттанған еді. Көпшіліктің назарын аудартқан оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккен дәрігерге мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Осы орайда журналистер Мәжіліс клуарында министрден дәрігерлерді қорғау мақсатында қандай шаралар қолға алынатынын сұрап білді.
Бұл оқиға бізді тағы бір рет дүр сілкіндірді. Медициналық қауымдастық, әрине, шын жүректен наразылық білдіріп жатыр. Бар-жоғы бір ай бұрын басқа науқастың туыстары реанимациялық шаралар жүргізу барысында жедел жәрдем қызметкерлерін ұрып-соққан жағдайдың куәсі болдық. Акушер-гинекологқа қатысты оқиға да медицина өкілдеріне ауыр тиді, – деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айтуынша, ведомство медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға қатысты жауапкершілікті күшейту үшін заңға өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Бұл бастаманы Бас прокуратура қолдаған.
Біз бұл норманы Парламент депутаттарымен талқыладық, олардың қолдауымен осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл медицина қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындау барысында оларға жасалған шабуылдар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді, – деп қосты ол.
Жоспарланып отырған жазалау шараларының қатарында айыппұлдар, бостандықты шектеу және бостандықтан айыру қарастырылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек