Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Германияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның мәйітін Қазақстанға алып кетуге рұқсат берілді. Онымен қазір марқұмның анасы мен інісі айналысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, сүйегін әкелсе, туыстары жұма немесе сенбіде Айгүлдің жаназасын өткізіп, жерлемек.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Сарыарқа аудандық сотында судья болып қызмет еткен 40 жастағы қазақстандық әйел 4 маусым күні Бенсхайм қаласында жоғалып кетіп, мәйіті 12 күннен кейін ғана қала шетіндегі көл жағасынан табылған.
Неміс тергеушілері марқұмның беті, мойны мен қолында пышақ жарақаты бар екенін айтты. Бұл іс бойынша әлі күнге дейін күдікті жоқ. Айгүлмен бір уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Ол әлі табылмады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік