15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыГермания билігі 13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Үкімет тиісті реформаның негізгі бағыттарын мақұлдағанымен, заң әлі қабылданған жоқ. Жаңа ережелердің қашан күшіне енетіні де белгісіз. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.
Жоспарға сәйкес, 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынуы мүмкін. Ал 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бірнеше деңгейлі шектеулер енгізу көзделіп отыр. Алайда олардың нақты қандай болатыны әзірге нақтыланбаған. Балаларға арнайы әзірленген платформаларға ерекшелік жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар Германия үкіметі интернет-платформаларға кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қосымша талаптар енгізбек.
Атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі алгоритмдік ұсыныстарды әдепкі бойынша өшіру, жаңалықтар таспасын шексіз айналдыру және бейнелерді автоматты түрде ойнату функцияларын шектеу ұсынылып отыр. Бұл шаралар балалардың интернетте шамадан тыс уақыт өткізуінің алдын алуға бағытталған.
Бұдан бөлек, Германияда бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануды үйрететін «ИИ-Seepferdchen» бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Бағдарлама аясында балалар жасанды интеллект қолданбаларын ажыратуды, олардың мүмкіндіктері мен қауіптерін түсінуді және технологияны саналы түрде пайдалануды үйренеді.
Bitkom ұйымының сауалнамасына сәйкес, Германия тұрғындарының 79 пайызы бұл бастаманы пайдалы деп санайды.
Айта кетейік, Германия билігі Еуропалық одақ деңгейінде ортақ ережелер қабылданғанға дейін балаларды интернеттегі қауіптерден қорғауға арналған ұлттық талаптарды енгізуді көздеп отыр.
Бұған дейін Түркияда да балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қою жөніндегі ұсыныстар әзірленгені хабарланған.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады