Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТайланд астанасы Бангкок қаласында географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad – IGeO) өтіп жатыр. Беделді білім сайысына әлемнің 50-ге жуық елінен 200-ден астам оқушы қатысуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
IGeO үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырмалар және далалық зерттеу туры.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада резерві мүшелерінен жасақталғанын атап өтті. Олар:
Ақжол Болат – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Алихан Калмагамбетов – Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Талғат Байбусунов – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Абай Дүйсен – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Рустам Валеев – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті.
Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың география және қоршаған орта саласына қызығушылығын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан бұл жарысқа 2012 жылдан бастап тұрақты түрде қатысуда. 2024 жылы еліміздің құрамасы 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Олимпиада 1 тамызға дейін жалғасады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары