23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіВашингтон қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге «ЭКСПО-2017 елшісі» белгісін берді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі, студентер, жас спортшылар қатысты.
Ахметжан Есімов:
— ЭКСПО-2017 елшілері институты халықаралық мамандандырылған көрменің басты идеялары мен құндылықтарын, сондай-ақ, «болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілетуге мүмкіндік берері анық. Біздің чемпионымыз, Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин әлемдік аренада ЭКСПО-2017 абыроймен ілгерілетіп, ал оның спорт пен қоғамдық өмірдегі табыстары көрмеге деген қызығушылықты арттырады деген сенімдемін.
Өз тарапынан Геннадий Головкин көрменің басты идеясын дүние жүзінде паш етіп жүретіндігін айтты. Сонымен қатар, жастарды ЭКСПО-2017 жобасын танымал етуге бар күш-жігерлерін салуға шақырды.
Айта кету керек, «ЭКСПО-2017 елшісі» белгісі қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовке және «Astana Pro Team» велокомандасы капитандары Винченцо Нибали мен Фабио Аруға берілген болатын.
Алмас САУДАНБАЙ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады