Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин таеквондодан әлем чемпионаты өтіп жатқан Қытайдың Уси қаласына барды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Сапар барысында ол World Taekwondo федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті. ҰОК президенті оны ұйым басшысы болып қайта сайлануымен құттықтап, әлем чемпионатына шақырғаны үшін алғыс білдірді.
Кездесуде тараптар Қазақстандағы таеквондоны дамыту мәселелерін және 2027 жылы елімізде өтетін әлем чемпионатын ұйымдастырудың егжей-тегжейін талқылады.
Бұдан бөлек, ҰОК президенті Қазақстан құрамасымен жүздесті. Бейресми жағдайда спортшылар және бапкерлер құрамымен сөйлесіп, қолдау білдіріп, командаға әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетуге тілек білдірді.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 24 қазанда басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. Дүниежүзілік додада Қазақстан атынан 16 спортшы өнер көрсетуде.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары