30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰлттық олимпиада комитетінің жаңа төрағасы болып боксшы Геннадий Головкин тағайындалады. Бұл туралы телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Мәжіліс депутаттары комитеттің қазіргі басшысы Тимур Құлыбаевқа шүйлігіп, кәсіпкерлерді спорт саласынан алып тастау керегі туралы айтқан еді.
Ұлттық Олимпиада комитеті мәжілісмендердің сынына жауап беріп, мемлекеттің ҰОК істеріне араласуы заңсыз және елдің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды.
ҰОК мәліметтері бойынша, комитет елдің спорттық қызметіне байланысты мәселелерді белсенді талқылауды бағалайды. Алайда мәжілісмендердің соңғы мәлімдемелері мен үндеулері аясында комитет өз рөлі мен функцияларын түсіндіруге шешім қабылдады.
Мәлімдемеде Ұлттық Олимпиада комитеті үкіметтік немесе коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі баса айтылған.
Сондай-ақ ҰОК-нің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке байланысты емес сыртқы көздерден жүзеге асырылады деп хабарланады.
Депутат мәлімдеген сандар комитет қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Аталған мемлекеттік қаражат еліміздегі спортты дамытуға, спорт резервін дайындауға жіберіледі, - делінген хабарламада.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды