Кеше, 09:35
Бибісара кейсі: қазақ тілі қоғамдық бағалаудың жаңа өлшеміне айналдыҰлттық ұланның баспасөз қызметі Орталық музейдің ерекше құнды жәдігермен толыққанын хабарлады. Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин музей қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты
Бұл жаңалық Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша мәнге ие. Ол бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жіті бақылап, оның сабырлылығы, еңбекқорлығы және чемпиондық мінезіне тәнті болып өсті.
Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған ұландықтың өзі де бокспен ұзақ жылдар айналысқан. Марлен – республикалық спорт колледжінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері әрі Алматы қаласының чемпионы. Оның айтуынша, дәл Геннадий Головкиннің өмір жолы оған үлкен жеңістердің күнделікті еңбек пен темірдей тәртіптің арқасында келетінін ұғындырған.
– Жуырда Марлен Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына жазылуына арналған құттықтау бейнеролигінің түсіріліміне қатысқан болатын. Ал бүгін ол спорт саңлағының музейге қолғабын табыстағаны туралы жаңалықты ерекше әсермен қабылдады, – деп хабарлады Ұлттық ұланнан.
Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы музей қорларына өте сирек табысталатын құнды жәдігерлердің бірі саналады. Енді бұл естелік құқықтық тәртіп әскерлерінің Орталық музейінде сақталып, ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде жас әскери қызметшілерге жігер беретін тағылымды мұра болмақ.
Даңқ залындағы құрмет
Жақында Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылданды. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс тарихының ұлы тұлғаларымен қатар тұр. Қазақстандық боксшы «Класс 2026» тізіміне қосылды. Men’s Modern санаты: Геннадий Головкин (Қазақстан), Антонио Тарвер (АҚШ), Найджел Бенн (Ұлыбритания). Women’s Modern санаты: Наоко Фудзиока (Жапония), Джеки Нава (Мексика)
Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жеткен. Кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Мансабында WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Ол 9 жыл бойы қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Бұл көрсеткіш ең ұзақ серия ретінде тарихқа кірді.
Кеше, 09:35
Бибісара кейсі: қазақ тілі қоғамдық бағалаудың жаңа өлшеміне айналды29 Маусым, 17:30
Мектеп бағдарламасының сұрақтарына кім жылдам жауап береді? «КерекRING»: І шығарылым29 Маусым, 17:26
Мектеп бағдарламасының сұрақтарына кім жылдам жауап береді? «КерекRING»: І шығарылым26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?