Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, Қатар ҰОК басшысы, Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл-Танимен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, сондай-ақ ресми іс-шараға Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты.
Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды.
Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.
Тараптар Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы әріптестікті кеңейтуге және World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары