Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада Геннадий Головкинді қабылдап, оны World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында Президент Головкинге еліміздің дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін І дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.
Мемлекет басшысы Головкиннің спорттық мансабында жаңа кезең басталғанын атап өтіп, оның жаһандық деңгейдегі беделді спорт ұйымын басқаратын алғашқы қазақстандық екенін ерекше айтты. Мемлекет басшысы GGG-нің тәжірибесі мен кәсібилігі халықаралық бокс қауымдастығын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Геннадий Головкин көрсетілген сенім мен жоғары марапат үшін алғыс айтып, боксты әрі қарай дамытуға, бұл спорт түрінің Қазақстандағы және әлемдегі беделін нығайтуға күш салатынын жеткізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары