23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) басшысы Моринари Ватанабэнің шақыруымен оның кеңсесіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда гимнастиканы дамыту мәселелерін және қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін талқылады.
Қазақстан ҰОК мәліметінше, Геннадий Головкин Моринари Ватанабэні FIG президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтап, гимнастиканы дамыту мен танымал етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Моринари Ватанабэ Қазақстанның айтарлықтай жетістіктерін атап өтіп, әлемдік гимнастиканы дамытудағы еліміздің маңызды рөліне ерекше назар аударды. Өз сөзінде FIG басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының белсенді қызметін және Olympic Solidarity бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастыруды атап өтті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады