Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!
Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!
Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!
Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын!, - делінген құттықтау жеделхатында.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар