Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде жұмыс кездесуі өтеді. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдері де бар. Ресми кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысады.
Тараптар бірнеше сессия аясында спорттағы адалдық пен сәйкестік, олимпиадалық қозғалысты дамыту, Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сияқты маңызды мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ спорттағы қауіпсіздік мәселелері көтеріліп, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?