15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан екі алтын медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасын құттықтады.
Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Рината Сұлтанова жеңімпаз атанса, ерлер арасындағы бәсекеде Алексей Луценко алтын медаль иеленді. Луценко үшін бұл Азия ойындарындағы бесінші алтын жүлде болды.
Геннадий Головкин спортшыларды жеңісімен құттықтап, Қазақстан құрамасының алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Қазақстандық велошабандоздарды Азия ойындарында тағы екі маңызды жарыс күтіп тұр. Олар – әйелдер мен ерлер арасындағы тасжолдағы топтық жарыстар.
Айта кетейік, Айти-Нагоядағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады