23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев іс-сапармен АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығында (USOPC) болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ ҰОК өкілдері спорт кешенін таныстырып, бокс, оқ ату, күрес, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.
Сондай-ақ, USOPC қызметкерлері нутрициология және спорт ғылымы саласындағы зерттеу бөлімінің қызметін егжей-тегжейлі таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК делегациясы көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын зерттеді.
Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Айта кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-қа World Boxing Халықаралық бокс федерациясының Конгресіне қатысу үшін барған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік