1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада халықаралық деңгейдегі Digital Bridge 2025 форумы ашылды. Биылғы жиынның басты ерекшелігі – алғаш рет AI Week апталығының өтуі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде жасанды интеллектке қатысты ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Форумның пленарлық отырысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венгрия президенті Тамаш Шуйок қатысып жатыр. Мемлекет басшысы цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлеріне тоқталып, Қазақстанның стратегиялық ұстанымын атап өтті:
Жасанды интеллект тек бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс. Оның әскери салаларда немесе кибершабуылдарда пайдаланылуына жол берілмеуі қажет. Біздің мақсатымыз – үш жылдың ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру. Ол үшін бірыңғай экожүйе құруымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халықаралық сарапшылар мен технология алыптары жиналды
Digital Bridge 2025 форумына әлемдік IT-индустрия көшбасшылары келді. Олардың қатарында:
Олар Қазақстанның цифрлық трансформациядағы рөлі мен жасанды интеллекттің болашағына қатысты өз ойларымен бөліседі.
Форум тақырыбы – Generative Nation
Биылғы форумның басты тақырыбы – Generative Nation. Ол жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың Қазақстанды білімге негізделген қоғам құруға, инновациялық экономика қалыптастыруға және жаһандық цифрлық кеңістікке интеграциялануға қалай ықпал ететінін талқылауға арналған.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?