Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы Алматы тергеу изоляторында көз жұмды, – деп хабарлайды El.kz порталы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.
Комитеті мәліметіне қарағанда, таңғы сағат 7 кезінде қамауда отырған Ж. Халықұлын қарауылдағы бақылаушы бірінші болып көрген. Мекеменің кезекші бөлімі дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің механикалық асфиксиядан көз жұмғанын растады.
«Оқиға орнына тергеу тобы, прокуратура өкілдері, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы келді. Тексеру барысында оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер анықталмады», – делінген комитет хабарламасында.
Қазіргі кезде өңірлік департамент қызметтік тексеруді тағайындады. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды.
Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ж. Халықұлы соңғы қылмыстық істі тоқтатты, алдау жолымен «К» есімді азаматтың ақшасы мен мүлкін иеленді деген күдікке ілінген.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс