30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық прогресс: әйелдер мен ерлердің құқығы және мүмкіндіктерінің теңдігіне тұрақты жол» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайд El.kz интернет порталы.
Конференция Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Конституциялық Сот аппараты, Жоғарғы Соттың Сот әкімшілігі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының техникалық қолдауымен ұйымдастырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жиынға ғалымдар мен сарапшылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық және Жоғарғы сот өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, гендерлік теңдік мәселелері бойынша әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар қатысты.
Конференцияда Конституцияның әйелдер мен ерлердің құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, гендерлік теңдікті орнатудағы елдің 30 жылдағы нәтижесі, сондай-ақ Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының және БҰҰ ҚК 1325 қарарын іске асыру перспективалары талқыланады.
Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының, Еуропалық даму және Қайта Құру банкінің өкілдері Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою саласында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.
Конференцияға қатысушылар ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыру үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.
Ұлттық комиссия сайтында қорытынды баяндамалар жинағы әзірленіп, жарияланады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды