12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікGCIP-Kazakhstan елдік жобасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
GCIP-Kazakhstan жобасының негізгі мақсаты-инновацияларды ілгерілету, ШОБ (шағын және орта бизнес) жобаларын, Қазақстанда Жасыл жұмыс орындарын құру үшін жасыл технологиялар саласындағы стартаптарды қолдау. Грант Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының көмегімен Жаһандық экологиялық қормен бөлінді.
Айта кету керек, бағдарламаның ұлттық орындаушысы болып Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы анықталды.
«Қазақстанның инновациялық және кадрлық әлеуеті бар екенін атап өту қажет, алайда жасыл технологияларды коммерцияландыру үшін түрлі кедергілер бар. Біздің Орталық жобаны тиімді іске асыру үшін барлық жағдай жасайды және инновацияларды дамыту, таза технологиялар саласындағы технологиялық кәсіпкерлікті қолдау арқылы экономиканы «жасылдандыру» саласындағы міндеттерді шешуге ұмтылатын болады», - деді «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Олжас Ағабеков.
GCIP тәсілдері стартаптарды алдын ала таңдауды, акселерацияны және коммерцияландыруды қамтиды. Бұл ең перспективалы кәсіпкерлерді анықтау және оларды үнемі тәлімгерлік ету, олардың инновациялық идеялары мен тұжырымдамаларын ұлттық және жаһандық нарықтарға шығуға дайын толыққанды өнімдер мен қызметтерге айналдыру үшін оқыту арқылы қолдау үшін жүзеге асырылады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер