7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Газа қаласының шетінде ауыр артиллериялық атыстар мен әуе соққыларына ұласқан қақтығыстар болды. Израильдік i24 арнасының хабарлауынша, әскерилер Газаны басып алу жоспарына сәйкес аймаққа енуді көздеп, қарқынды шайқас жүргізуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде бірнеше израильдік сарбаздың қаза тапқаны және тұтқынға түскені жайлы бейресми ақпарат тарады. Бұл деректерді ресми әскери органдар да, израильдік БАҚ та әзірге растаған жоқ. Израиль саясаткерлері палестиналық топтардың төрт сарбазды тұтқынға алған болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде.
Қақтығыс кезінде әскерилер «Ганнибал хаттамасын» іске қосуы ықтимал деген болжам бар. Бұл хаттамаға сәйкес сарбаздардың қарсылас қолына түсуіне жол берілмейді.
Бұған дейін ХАМАС-тың әскери қанаты – «Изз ад-Дин әл-Қассам бригадаларының» өкілі Абу Убайда Израильдің Газаны оккупациялау жоспарын «қатерлі қадам» деп атап, сарбаздардың қаны төгілетінін және жаңа тұтқындардың пайда болу қаупін ескертті. Ол тұтқындардың тағдыры туралы нақты деректер жарияланатынын да айтты.
Тель-Авивтің есебі бойынша, Газа секторында 50 израильдік тұтқын бар, олардың шамамен 20-сы тірі. Ал құқық қорғаушылардың дерегінше, Израиль түрмелерінде 10 800-ден астам палестиналық қамауда отыр, олардың көбі азаптаудан көз жұмған.
29 тамыз күні таңертең Израиль әскері Газа қаласының аудандарына соққы жасап, аймақты «қауіпті қақтығыс аймағы» деп жариялады. Бұл соққылар «Гидеон-2» операциясы аясында жүзеге асырылуда. Операцияны Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац 21 тамызда мақұлдаған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?