7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортының жоғары кірісін уәде ете отырып, газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
«Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», - делінген ақпаратта.
ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады. Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?