22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЭкстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) арқылы бала көтеру ықтималдығы жылы әрі күн шуақты маусымдарда едәуір артады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл қорытындыны Қытайдың Гуанси ауруханасына қарасты репродуктивті медицина клиникасының ғалымдары жүргізген зерттеу дәлелдеді. Жұмыс нәтижелері International Journal of Biometeorology ғылыми журналында жарияланды.
Зерттеу барысында 2021 жылдың маусымынан 2023 жылдың қазанына дейін ЭКО процедурасын алғаш рет өткерген 1100 әйелдің деректері қарастырылған. Барлық қатысушылар жаңа эмбриондарды қолданған.
Нәтижесінде мынадай үрдіс байқалды:
Зерттеу қорытындысы бойынша, ең қолайлы ауа температурасы — 26–30 °C аралығы. Бұл көрсеткіш эмбрион имплантациясына және жүктіліктің басталуына оң әсер етеді.
Бұдан бөлек, әсер "ұзақ протокол" деп аталатын тәсілді қолданған әйелдер арасында айқын байқалған. Бұл хаттама барысында алдымен организмнің табиғи гормон өндірісі уақытша басылады, кейін овуляция жасанды түрде стимулданады. Дәл осы топтағы әйелдер жаз мезгілінде екі есе жиі жүкті болған.
Ғалымдар жылы маусымның тиімділігіне күн сәулесінің әсерімен теріде синтезделетін D дәрумені себеп болуы мүмкін деп отыр. Бұл дәрумен:
Бұған дейінгі зерттеулерде D дәруменінің тапшылығы жүктіліктің үзілуі мен бедеуліктің жоғары қаупімен байланыстырылған.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) қыс мезгілінде D дәруменін қосымша қабылдауды ұсынады. Бұл тек сүйек денсаулығы үшін ғана емес, репродуктивті жүйе үшін де маңызды екені айтылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев