28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2025 TF атты астероид Антарктида үстінен бар болғаны 428 шақырым биіктікте ұшып өтті – бұл Халықаралық ғарыш станциясының орбитасынан да төмен. Ең қызығы, жердегі ғалымдар оны Жерге ең жақын нүктеден өткеннен соң араға бірнеше сағат салып барып байқаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Science Alert дерегінше, бұл – тарихтағы екінші ең жақын өткен астероид. Бақытымызға орай, оның көлемі кішкентай болған – шамамен 1-3 метр, яғни шағын көліктің өлшеміндей. Сондықтан ол Жерге түскен күннің өзінде атмосферада жанып кетер еді.
Салыстыру үшін: бұдан да жақынырақ ұшып өткен жалғыз астероид – 2020 VT4, ол 2020 жылы Жерге 368 шақырымға дейін жақындаған. Бірақ ол да кездейсоқ анықталған – ғалымдар оны тек архив деректерін зерттеу кезінде байқаған.
2025 TF астероидымен болған жағдай ғарыштық қауіптерді ерте анықтау жүйесінің әлсіз тұстарын көрсетіп отыр. Бұл нысан ешқандай қауіп төндірмегенімен, оны кеш байқау болашақта одан да қауіпті объектілерді байқамай қалуымыз мүмкін екенін аңғартады.
Енді аталған астероид Жер маңынан 2087 жылдың сәуір айында өтеді. Сол кезде ол біздің планетадан шамамен 8 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтпек. Ғалымдардың айтуынша, болашақта да 2025 TF Жерге ешқандай қауіп төндірмейді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?