Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерШаштың сиреуі мен түсуі – миллиондаған адамды алаңдататын мәселелердің бірі. Әсіресе жас ұлғайған сайын бұл проблема жиілей түседі. Мамандардың айтуынша, 65 жасқа қарай ерлердің басым бөлігінде, ал әйелдердің үштен бірінен астамында шаштың айтарлықтай сиреуі байқалады. Алайда бүгінде шаш түсуін емдеуге арналған тиімді дәрілердің саны әлі де аз.
Осы бағытта америкалық Veradermics биофармацевтикалық компаниясы жаңа препарат әзірлеп жатыр. VDPHL01 деп аталатын дәрі клиникалық зерттеулердің маңызды кезеңдерінің бірінен сәтті өтіп, алғашқы нәтижелері мамандардың назарын аударды.
Жаңа дәрінің ерекшелігі неде?
Препараттың негізінде шаш өсіруге арналған ең танымал заттардың бірі – миноксидил бар. Бұл компонент ондаған жылдан бері түрлі лосьондар мен сыртқа жағылатын құралдардың құрамында қолданылып келеді.
Алайда жаңа әзірлеменің басты айырмашылығы – оның таблетка түрінде шығарылуы. Миноксидилді таблетка түрінде пайдалану ұзақ уақыт бойы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты шектеулі болып келді. Себебі дәрі ағзаға тез сіңген жағдайда жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етуі мүмкін еді.
Ғалымдар бұл мәселені дәрінің ағзаға біртіндеп сіңуін қамтамасыз ететін жаңа технология арқылы шешкен. Нәтижесінде белсенді зат қанға бірден емес, баяу таралып, шаш түбірлеріне тұрақты әсер етеді. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін жүктемені де азайтады.
Сынақ нәтижелері қандай?
Зерттеуге 500-ден астам ерікті қатысқан. Алты айлық емдеу курсынан кейін қатысушылардың 85 пайыздан астамы шашының жағдайы жақсарғанын айтқан.
Қатысушылардың пікірін зерттеу нәтижелері де растады. Жаңа препаратты қабылдаған адамдарда шаштың өсуі плацебо қабылдағандармен салыстырғанда шамамен төрт есе жоғары болған.
Сонымен қатар зерттеу барысында дәрінің қауіпсіздік көрсеткіштері де оң нәтиже берген. Қатысушылар арасында ауыр жанама әсерлер тіркелмеген.
Зерттеулер әлі жалғасып жатыр
Әзірге жаңа препарат толық мақұлданған жоқ. Компания клиникалық сынақтардың келесі кезеңдерін жүргізуге дайындалып жатыр. Қазір ерлер арасында қосымша зерттеулер жоспарланса, әйелдерге арналған сынақтарға жаңа еріктілерді қабылдау басталған.
Мамандардың айтуынша, алдағы зерттеулер де сәтті аяқталса, VDPHL01 әйелдердегі шаш түсуін емдеуге арналған алғашқы ресми мақұлданған таблеткалардың біріне айналуы мүмкін.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?