7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Джонс Хопкинс университеті Медицина мектебінің ғалымдары Т-жасушалы лимфома мен лейкозды емдеудің жаңа, қауіпсіздеу жолын ұсынды. Бұл әдіс қатерлі ісік жасушаларын ғана жойып, иммунитетке аса қажет сау Т-жасушалардың көп бөлігін сақтап қалады. Зерттеу нәтижелері Nature Cancer журналында жарияланды.
Т-жасушалы лимфома мен лейкоз жыл сайын әлемде шамамен 100 мың адамнан анықталады. Бұған дейін бұл ауруларды емдеу қиын болатын. Себебі қатерлі ісікті жою үшін Т-жасушаларды түгелге жуық жоюға тура келетін, ал бұл адамның иммунитетін әлсіретіп, қауіпті инфекцияларға жол ашатын.
Жаңа әдістің басты ерекшелігі - сау мен ауру жасушаны айыра білуі. Ғалымдар сау Т-жасушалар екі түрлі болатынын анықтаған: TRBC1 және TRBC2. Ал ісік жасушалары осы екеуінің тек біреуін ғана алып жүреді. Зерттеушілер дәл осы айырмашылықты пайдаланып, TRBC2 бар ісік жасушаларын ғана танитын арнайы антидене жасады. Ол қуатты дәрімен біріктіріліп, тек қатерлі жасушаларға бағытталады.
Нәтижесінде дәрі ісікке дәл жетеді, ал сау Т-жасушалар зақымданбайды. Зертханалық тәжірибелер мен жануарларға жүргізілген сынақтарда ісіктер айтарлықтай кішірейіп, тіпті толық жойылған. Ең маңыздысы - айқын зиянды әсерлер байқалмаған және ісік қайта пайда болмаған.
Ғалымдардың айтуынша, болашақта TRBC1 және TRBC2-ге бағытталған дәрілерді бірге қолдану арқылы Т-жасушалы лимфома мен лейкозды әр науқасқа жеке бейімдеп емдеу мүмкін болады. Қарапайым тілмен айтқанда, енді қатерлі ісікпен күресу үшін иммунитетті құрбан ету міндет емес.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?