Ғалымдар неліктен терезені жауып ұйықтауға кеңес береді

5 Маусым 2023, 09:20 1117

Германиядағы Иоганн Гутенберг университетінің зерттеушілері ұйықтар алдында ағзаға зиян келтірмеу үшін не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Неміс ғалымдары терезені жауып ұйықтауға кеңес береді.

Бұл қысым проблемалары мен қандағы холестерин деңгейінің жоғарылау қаупін төмендетеді, - делінген Noise&Health журналында жарияланған зерттеуде.

Жабық терезе адам ұйықтайтын бөлмедегі шуды азайтады. Ұйқыда жатқан адамның миы ояу кезге қарағанда шуылға әлдеқайда сезімтал, сол үшін де ми шудан стресс алуы мүмкін. Стресстен гормондар өзгеріп, соның ішінде кортизол өндіріледі, дәл осылай ұзақ жалғаса берсе, бұл холестерин деңгейінің жоғарылауына және жоғары қан қысымына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты неміс мамандары жазда да, әсіресе қалада тұратындарға терезелерді жауып ұйықтауға кеңес берді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: