Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытай мен Оңтүстік Африка зерттеушілері жасмин қосылған көк шайдың қандағы қант деңгейін төмендетіп, зат алмасуды жақсартатынын анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар, ол ағзаның антиоксиданттық қорғанысын күшейтіп, май деңгейін азайтады. Ғылыми жаңалық Food Bioscience журналында жарияланды.
II типті қант диабеті бар зертханалық кеміргіштерге жасмин шайын бергенде, ғалымдар бірқатар оң өзгерістер байқады. Шай:
қант деңгейін едәуір төмендетті;
ұйқы безінің қызметін жақсартып, инсулиннің бөлінуін арттырды;
β-жасушалардың қалпына келуіне ықпал етті;
бауырдағы гликоген қорын көбейтті, бұл ағзаның энергия теңгерімін сақтау үшін аса маңызды;
қандағы липидтер мөлшерін азайтты, яғни диабетке байланысты асқынулардың алдын алды.
Ғалымдардың айтуынша, жасминді көк шайдың емдік қасиетінің басты сыры — оның құрамындағы нанобөлшектер мен сирек микроэлементтерде. Бұл элементтер шайдағы белсенді заттардың ағзаға сіңуін жақсартып, қабыну мен тотықтырғыш күйзелісті азайтады. Нәтижесінде ағзаның зат алмасу жүйесі тұрақтанып, қорғаныс қабілеті артады.
Зерттеу әзірге жануарларға жасалғанымен, ғалымдар бұл нәтижелер адам ағзасында да ұқсас әсер беруі мүмкін екенін айтады. Сондықтан жасминді көк шай болашақта қант диабетімен күрестегі табиғи және қауіпсіз құрал ретінде қолданыс табуы ықтимал.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек