10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҒалымдардың айтуынша, баланы данышпан етіп тәрбиелеудің түрлі әдістемесі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеушілер қос тілде сөйлейтін кішкентай балалар бір тілді ғана қолданатын өз қатарластарымен салыстырғанда когнитивтік басымдыққа ие екенін айтады. Яғни, екі түрлі тілде тілі шыққан бүлдіршіндер проблемалар мен тапсырмаларды жақсы шеше алады.
Көптеген зерттеулер дәлелдегендей, бірнеше тілде еркін сөйлейтін адамдардың ми аралықтарындағы коммуникация жүйесі жақсы дамыған, олар жоспарлауда, аналитикалық ойлауда және тапсырманы шешуде алдарына жан салмайды.
Вашингтон университетінің ғалымдары 11 айлық 16 балаға арнайы зерттеу жүргізді. Олардың 8-і тек ағылшын тілінде сөйлейтін отбасыда тәрбиеленсе, тең жартысы ағылшын мен испан тілінде сөйлейтін отбасы балалары болды. Зерттеу дәлелдегендей қостілді-балалар ағылшын не испан тілін қабылдай отырып, өзгеше неврологиялық реакция көрсеткен. Ғалымдар префронтальды және орбитофронтальды қабаттардың (аналитикалық қабілеті мен шешім шығаруға жауап беретін ми бөліктері) белсенді жұмысын тіркеген. Ал бір тілді балалардың бұл зонасы мүлде жауап қатпаған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді