7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?АҚШ-тағы InventWood компаниясы бұрын-соңды болмаған жаңа материал – Superwood деп аталатын ағаш түрін сатылымға шығарды. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл ерекше материалдың қасиеті таңғаларлық: ол болаттан он есе берік, әрі алты есе жеңіл.
Superwood-тың авторы – материалтанушы ғалым Лянбин Ху. Ол он жылдан астам уақыт бұрын ежелгі құрылыс материалы саналатын ағашты жетілдіруді мақсат еткен. Мэриленд университеті мен кейінірек Йель университетіндегі зерттеу орталықтарында жұмыс істей жүріп, Ху ағашты қайта өңдеудің инновациялық тәсілдерін ойлап тапқан.
Зерттеу барысында ғалым лигнин деп аталатын табиғи компонентті алып тастау арқылы мөлдір ағаш та жасаған (Лигнин ағашқа түс пен беріктік беретін зат.) Алайда ғалымның басты мақсаты целлюлоза негізінде ағаштың беріктігін бірнеше есе арттыру болатын.
Негізгі ғылыми серпіліс 2017 жылы болды. Сол кезде Ху алғаш рет ағашты химиялық өңдеу арқылы нығайтудың тиімді әдісін тапты. Технология ағашты арнайы химикаттар қосылған суда қайнатып, кейін жоғары температурада престеу процесіне негізделген. Бұл әдіс ағаштың жасушалық құрылымын өзгертіп, оның тығыздығы мен беріктігін айтарлықтай арттырады.
Nature ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа материалдың беріктік пен салмақ қатынасы көптеген металл мен қорытпадан жоғары екені дәлелденген.
Superwood қазірдің өзінде құрылыс және өнеркәсіп салаларында экологиялық әрі берік балама материал ретінде үлкен қызығушылық тудырып отыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?