Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҒалымдар бауыр обыры жағдайларының басым бөлігін алдын алуға болатынын айтып отыр. Ол үшін вирусқа байланысты гепатиттердің таралуын азайту, алкогольді тұтынуды шектеу және метаболикалық бұзылыстардан туындайтын бауыр майлануыменкүресу қажет, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
The Lancet журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бауыр обыры – онкологиялық аурулардың ең қауіпті түрлерінің бірі. Жыл сайын бұл дерттен 760 мың адам көз жұмады, ал жаңа жағдайлар саны 870 мыңға жетеді. Ауру әсіресе Қытайда кең таралған – әлемдегі барлық жағдайлардың 40%-дан астамы осы елге тиесілі. Зерттеушілердің болжамынша, 2050 жылға қарай бауыр обырымен ауыратындар саны жылына 1,5 миллионға дейін, ал өлім-жітім 1,4 миллионға дейін артуы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, бұл дерттің шамамен 60%-ы бақылауға болатын қауіп факторларымен байланысты. Олардың қатарына В және С гепатиті вирустары, алкогольді шамадан тыс тұтыну және метаболикалық синдроммен байланысты бауырдың майлануы (MASLD) жатады. MASLD ауруы, әсіресе семіздікке шалдыққандар арасында жиі кездесіп, бүгінде бауыр обырының басты себебіне айналып отыр. Бұл үрдіс АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде ерекше байқалуда.
Мамандар бұл аурудың алдын алу үшін В гепатитіне қарсы вакцинацияны кеңейту, гепатит пен бауыр зақымын анықтау мақсатында скрининг жүргізу, алкоголь өнімдерінің жарнамасына шектеу қою, ең төменгі баға енгізу және салауатты өмір салтын насихаттайтын кең ауқымды ақпараттық кампаниялар ұйымдастыру қажет деп есептейді. Егер жыл сайын бауыр обырының таралу деңгейін 2-5%-ға дейін төмендету мүмкін болса, 17 миллионға жуық жағдайдың алдын алып, 15 миллион адам өмірін сақтап қалуға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?