22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыФутболшылар допты баспен неғұрлым жиі қайтарған сайын, олардың ойлау қабілеті соғұрлым төмендейді. Мұндай тұжырымға канадалық ғалымдар жүргізген зерттеу негіз болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәжірибеге 12-13 жас аралғындағы бір футбол командасының жасөспірімдері қатысқан. Ғалымдар балаларды бір маусым бойы бақылап, алаңдатарлық заңдылықты анықтады: әрбір баспен соғылған доптың кері әсері уақыт өте келе жинала береді екен.
Доптың басқа қаншалықты жиі тиетінін анықтау үшін жас ойыншылар жаттығу мен матчтарда арнайы тіс қаптамаларын (капалар) тағып жүрді. Сонымен қатар зерттеушілер ойындардың бейнежазбасын қарап, мәліметтерді салыстырып отырған.
Балалардың когнитивтік қабілетін тексеру үшін маусым басында, әр төрт апта сайын және маусым соңында арнайы тестілер алынды. Нәтижесінде: ойыншылар баспен жиі ойнаған сайын олардың реакция жылдамдығы төмендей бастаған. Әзірге айырмашылық небәрі 6 миллисекунд болғанымен, ең қауіптісі – бұл әсер маусым соңына қарай күшейіп, жинақталып кеткен.
Бес айға созылған бақылау барысында футболшылар 1089 рет баспен ойнағаны тіркелді. Ең қызығы – бұл соққылардың көпшілігі матчтарда емес, жаттығуларда тіркелген.
МРТ нәтижелері әр соққыдан кейін мидың алдыңғы бөлігі зардап шегетінін көрсетті. Сондай-ақ ақ заттың құрылымында өзгерістер байқалып, когнитивтік қабілет әлсіреген.
Ғалымдардың айтуынша, допты баспен қайтару ұзақ мерзімде ауыр дертке – созылмалы травматикалық энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Алдымен бұл өзін-өзі бақылаудың әлсіреуімен, көңіл күйдің тұрақсыздығымен және есте сақтау қабілетінің нашарлауымен байқалады. Кейіннен деменция немесе Паркинсон ауруына ұласуы ықтимал.
Жас ерекшелігіне қарай футболшылардың айына қанша рет баспен ойнауына қатысты ұсыныстар бар. Бірақ іс жүзінде не бапкерлер, не ойыншылар бұл нормаларды ұстанбайды. Көпшілігі оның салдары жайлы ойламайды да.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев