22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАдам ағзасының қартаюы бұрын біртіндеп жүретін табиғи процесс деп саналатын. Алайда халықаралық ғалымдар тобы бұл көзқарасты жоққа шығарып, қартаюдың екі айқын кезеңі бар екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, адам ағзасында алғашқы үлкен өзгеріс шамамен 44 жаста, ал екіншісі – 60 жаста байқалады.
Бұл жас кезеңдерінде ағзада молекулалық деңгейде күрт өзгерістер жүреді: ақуыздардың, липидтердің, РНҚ мен микробиомның құрамы өзгереді, деп хабарлайды Report басылымы. Ғалымдардың жұмысы Nature Aging журналында жарияланған.
Зерттеу барысында мамандар бірнеше жыл бойы 108 еріктінің биологиялық көрсеткіштерін бақылаған. Нәтижесінде, 44 жаста адамның липид алмасуы, кофеин мен алкоголь метаболизмі өзгере бастайды, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары ауруларының, тері мен бұлшықет әлсіздігінің қаупі артады.
Ал 60 жаста бұл өзгерістер көмірсулар алмасуы, иммундық жүйе және бүйрек қызметі деңгейінде жалғасып, ағзаның жалпы тозуын күшейтеді.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай процестер ерлер мен әйелдерде бірдей жүреді, сондықтан оларды тек гормондық өзгерістермен, мысалы, менопаузамен байланыстыруға болмайды.
Зерттеу авторлары бұл жаңалық жасқа байланысты аурулардың алдын алу және жастықты ұзарту стратегияларын жетілдіруге мүмкіндік береді деп есептейді. Дегенмен, олар бұл құбылыстардың нақты молекулалық механизмдерін тереңірек түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет екенін атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев