13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызШвецияның Линчёпинг университетінің зерттеушілері қызықты тәжірибе жүргізіп, адамдардың жеке адамнан гөрі топқа көбірек эмпатия танытатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Frontiers in Psychology ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экспериментке 296 ерікті қатысты. Оларға эмпатия деңгейін бағалауға бағытталған тапсырмалар ұсынылды: қатысушыларға бейтарап фотосуреттер көрсетіліп, сол бойынша екі тәсілдің бірін таңдау керек болды — бейнеленген адамның немесе адамдар тобының сырт келбетін сипаттау немесе олардың эмоциялық күйін сезініп, сипаттау.
Қатысушылар жеке адамның немесе топтың бейнесін көргеннен кейін, олардың эмоцияларын немесе сыртқы түрін суреттеуге тиіс болды. Нәтижесінде, адамдардың 53 пайызы топқа қатысты эмпатияны таңдаса, жеке адамға қатысты мұндай таңдау небәрі 34 пайызды құрады.
Зерттеуге қатысушылардың айтуынша, эмпатия таныту — шын мәнінде, күрделі әрі жағымсыз процесс. Олар объективті сипаттаманы таңдауды жеңілірек деп санаған. Бұл қиындық, зерттеу авторы Хайди Мошенің айтуынша, бейтарап бет әлпеті бар суреттерге қарап, адамның жағдайын түсіну үшін көбірек қиял мен когнитивті күш қажет болуымен түсіндіріледі.
Ал топ бейнеленген фотосуреттерде эмоциялық контекст көбірек болғандықтан, адамдарға ондай көріністерге жанашырлық таныту жеңілдеу.
Ғалымдар бұл тұжырым гуманитарлық дағдарыстар мен апаттар туралы ақпарат беруде маңызды рөл атқаруы мүмкін деп есептейді. Себебі, қоғамның жанашырлығын оятып, қолдау көрсетуге итермелеу үшін эмпатия тудыратын визуалды тәсілдер қажет.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды