23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда үкіметтік порталдардың жұмысы қалыпқа келтірілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Цифрлық даму министрлігі «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді.
Ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие. Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елінде тіркелді, - деп қосты министрлік.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік