22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлаң иелері Черногория құрамасын толық құраммен қарсы алған жоқ. Ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака жастарды сынап көріп, қызу додаға салды.
Жастар да бапкерін жер қаратпады, қарсыластарын 7:0 есебімен ұтып, керісінше мәртебесін бір асырды.
Қазақстан құрамасы сапынан Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші, 25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) гол соқты.
Осылайша бұл ойында Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Сонымен бірге қазақстандықтар 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің келесі кезеңіне жолдама алды.