Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық «Қайрат» және «Семей» футзал командалары UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші турда қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматылық «Қайрат» клубы төртінші топтағы екінші ойынын португалиялық «Спортинг» командасына қарсы өткізді. Ойын барысында қазақстандық клуб екі гол соғып, бірақ қарсыласқа жеті гол жіберіп алды. Нәтижесінде кездесу 2:7 есебімен аяқталды.
Бұған дейін «Қайрат» клубы Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Қос ұжым үшінші кездесуін 1 қараша күні «Приштина» (Косово) клубына қарсы өткізеді.
Ал «Семей» болса екінші ойынында француздың «Этуаль» командасынан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Семейлік ұжым үшінші кездесуін 1 қарашада Испанияның «Пальма» клубына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, «Семей» футзал клубы бұған дейін Чехияның «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?