Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАргентинада әуесқой футболшы адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уильямс Александр Тапон ойын кезінде төрешіні соққыға жығып, салдарынан ол есінен танып қалған. Төреші тез арада ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, 24 жастағы спортшыға қасақана адам өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқиғадан соң араға бірнеше күн салып Тапонның денесі Буэнос-Айрес маңындағы үйінен табылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, ол басына оқ атып көз жұмған.
Футболшының артында екі баласы қалды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек