6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға ерекше тоқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы елде спорт нысандарының салынуы, балаларға арналған үйірмелердің қолжетімділігі артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен зейнеткерлерге арналған спорт клубтары ашылып жатқанын жеткізді.
Президент кәсіби спорт саласына да тоқталып, бұған дейін шетелдік спортшыларға бюджет қаржысын бөлуге шектеу қойылғанын еске салды.
Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек, – деді Тоқаев.
Ол футболды дамыту мәселесінде жекешелендірудің маңызына назар аударды.
Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз, – деді президент.
Сонымен бірге Тоқаев кәсіби спортты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыру қажеттігін айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі