Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Алдымен бүгін түнде сырт алаңда Уэльспен кездеседі. Осы ойынның алдында бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев баспасөз мәжілісін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас бапкер міндетін атқарушы тілшілерге Рамазан айында ораза ұстап жүрген футболшылар туралы айтты.
Біздің өз дәстүрлеріміз бар. Соның бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Футболшыларымыздың бұл мүмкіндікті пайдаланып, ораза ұстап жүргендеріне қуаныштымын. Біз үшін Рамазан айы үлкен мереке және осы уақытта ораза ұстау өте маңызды. Қасиетті айда көрсеткен шыдамдылықтары үшін өз жігіттеріме алғысымды білдіремін. Командадағы жалпы алғанда 1-2 жігіт болмаса қалғаны толықтай ораза ұстады. Өзімізді жұмылған жұдырық ретінде көрсетіп, қасиетті Рамазан айына құрмет көрсеттік. Мен бұны мәселе деп есептемеймін. Екі жыл бұрын Рамазан айында Дания құрамасын жеңдік – сол кезде де жігіттеріміз ораза ұстайтын. Бұл жолы да біздің үмітіміз ақталатынына сенемін, - деді Әли Әлиев.
Айта кетейік, бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында «Cardiff City» стадионында Уэльспен кездеседі. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 23 наурызға қараған түні 00:45-те басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Лихтенштейнге қонаққа барады.
Бұған дейін Әли Әлиевтің 16 жастағы футболшы Дастан Сәтпаевқа қатысты пікірі туралы жаздық.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?