Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды2 қазан күні Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті. Әзербайжан футбол федерациялары қауымдастығының мәліметінше, комитет шешіміне сәйкес, 2027 жылы өтетін 20 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңін Әзербайжан мен Өзбекстан бірлесіп өткізетін болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім тарихта алғаш рет ерлер арасындағы әлемдік деңгейдегі турнирдің Әзербайжанда ұйымдастырылатынын білдіреді. Сондай-ақ Әзербайжан құрамасы да өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатыспақ.
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты 1977 жылдан бері екі жыл сайын өткізіліп келеді. Әзербайжан мен Өзбекстан 25-турнирге қожайындық жасайды.
Бұл доданың рекорд иесі – Аргентина құрамасы, олар 6 рет жеңімпаз атанған. Бразилияның еншісінде 5 титул бар. Португалия мен Сербия екі реттен жеңсе, Уругвай, Гана, Испания, Ресей, Германия, Англия, Франция және Украина бір-бір реттен чемпион болған.
Қазір Чилиде 24-жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда 24 құрама алты топқа бөлініп бақ сынауда. 2023 жылы Аргентинада өткен соңғы турнирде Уругвай чемпион атанған еді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды