Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыЖетісу облысында шағын футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті. Журналистер арасындағы республикалық жарыс биыл үшінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Белгілі тележурналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған іс-шараны өткізу Жетісу облысында дәстүрге айналған. Биыл үшінші рет жалауы көтерілген журналистер арасындағы аяқдоп жарысы соның бір мысалы. Жыл сайын 9 желтоқсан — Бейсен Құранбектің туған күні қарсаңында өтетін шағын футбол жарысына әр облыстан келген 8 команда қатысты.
Екі күн бойы Талдықорғандағы Сүйінбай атындағы жастар спорт сарайында жүлделі орындарды сарапқа салған командалар арасынан «Qaz365.kz» командасы суырылып шығып, бірінші орынды иеленді.
Екінші орын талдықорғандық «Қарекет» командасына бұйырса, үшінші орынды «Алматы-Сәнік» командасы қанжығаға байлады. Ал төртінші орын «J-19» командасына бұйырды.
Турнирде үздік өнер көрсеткен жекелеген ойыншылар да марапатталды. Мұнан бөлек, журналист Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы жүлде — Арай Есенбекке, ал Сайын Тұрсынов атындағы тағы бір арнайы жүлде — Жандос Айтбайұлына табысталды.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады