Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Нидерланды құрамасы Сенегалдан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Екі құрама А тобында сынға түседі. Мамандар оларды аталған топтан плей-офф сатысына берілетін екі жолдамадан басты үміткер санайды.
Бүгінгі кездесу барысында олардың дайындығы жақсы екені аңғарылды. Қос құрама тарапынан қауіпті шабуылдаржиі көрініс берді. Ойын барысында жанкүйерлер тартысты бәсекені тамашалады.
Ойынның 84-минутында нидерландылық Коди Гакпо есеп ашса, 96-минутта Дави Классен қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Нилерланды құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Енді А тобындағы екінші турда 25 қарашада Сенегал мен Қатар, Нидерланды мен Эквадор құрамалары кездеседі.
Енді В тобында тағы бір кездесуді бүгін 01:00-де АҚШ - Уэльс ойынын «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Еске салсақ, А тобындағы бір кездесуде Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ В тобындағы алғашқы кездесуде Англия құрамасы Ираннан 6:2 есебімен басым түсті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары