Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Футболдан Испания құрамасы Катардағы әлем чемпионатын ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайдыEl.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әл-Тумама" стадионында испаниялықтар Коста-Рика құрамасымен кездесті. Үзіліске дейін испан футболшылары үш гол соғып тастады. 11-минутта Дани Ольма көзге түсті. Тағы он минуттан соң Марко Асенсио қанжығасын майлады. 31-минутта Ферран Торрес пенальтиден гол соқты.
2010 жылғы әлем чемпионы екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпеді. 54-минутта Торрес дубль авторы атанды. Ал 74-минутта Гави испаниялықтардың бесінші голын соқты.
Еуропалық құрама мұнымен де тоқтап қалмады, Карлос Солер еншісіне бір гол жазды. Ал матч нүктесін Альваро Мората қойды - 7:0.
Осылайша, Испания құрамасы ірі жеңіске қол жеткізіп, үш ұпаймен Е тобында көш бастады. Үш ұпайы бар Жапония азырақ гол соққаны үшін екінші орында тұр. Германия үшінші, Коста-Рика төртінші орында келеді.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді