7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Аdidas компаниясы 2026 және 2027 жылдарға арналған ұлттық құрамалардың жаңа үй формаларын таныстырды. Жаңа дизайн 22 елдің футбол федерацияларына арналған және олардың кейбірі осы киіммен АҚШ пен Мексикада өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компания жаңа формалардың суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап, жазбада:
«Таныстыруды қажет етпейтін дроп. 22 форма. 3 жолақ. Шексіз әдемі ойындар», - деп атап өтті.
Жаңартылған спорттық киім үлгісін алған құрамалар қатарында:
Италия, Аргентина, Испания, Германия, Жапония, Бельгия, Перу, Сауд Арабиясы, Алжир, Швеция, Катар, Шотландия, Венесуэла, Венгрия, Солтүстік Ирландия, Коста-Рика, Біріккен Араб Әмірліктері, Колумбия, Мексика, Чили, Украина және Уэльс бар.
Жаңа коллекцияда әр елдің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлі түстері сақталған. Мысалы, Аргентина құрамасының классикалық көк-ақ жолақтары заманауи стильде қайта өңделсе, Германия мен Испанияның формалары минималистік әрі экологиялық материалдардан тігілген.
Спорт сарапшыларының пікірінше, adidas-тың бұл топтамасы - алдағы әлем чемпионатына дайындықтың символы әрі ұлттық командалардың жаңа бейнесін айқындайтын ерекше жоба.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?