Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікФутболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында «Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы біріншіліктің чемпиондық тағдыры «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтёрдің» (Қарағанды) кездесуінде шешілді. Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанатын еді.
Алғашқы минуттан шымкенттік клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов – 4, Шахбоз Умаро – 12, Артем Беседин 27-минутта үш гол соғып үлгерді.
Оған «Шахтёр» сапынан Темур Чогадзе 47-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте чемпион болды.
instagram.com/fc__ordabasy
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер