22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыФутболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездесіп, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ел құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Алтыншы турға дейін тоғыз ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатқан болатын. Алдағы ойындарда оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдаманың біріне ие болуы мүмкін. Әзірге мұндай мүмкіндікке Финдяндия, Қазақстан, Дания және Словения құрамалары ие болып отыр.
Сол себепті ел құрамасы алғашқы минуттан ойынды белсенді бастады. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Десе де оған қарсылас құрама лайықты қарсылық көрсетті.
Ойынның 27-минутында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов гол соқты.
Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында алаң иелері шабуылға шықты. Содан кейін Солтүстік Ирландияның белсенділігі байқалды. Бұл сәтте қазақстандық қақпашы Игорь Шацкий мен қорғаушылардың сауатты ойнауы байқалды.
Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев