23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға жеткен 16 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.
Жарыстың бұл сатысындағы құрамалар төмендігіше жұп құрады:
3 желтоқсан күні Нидерланд — АҚШ, Аргентина — Австралия.
4 желтоқсанда Франция — Польша, Англия — Сенегал.
5 желтоқсанда Жапония — Хорватия, Бразилия — Оңтүстік Корея.
6 желтоқсанда Марокко — Испания, Португалия — Швейцария.
Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал болады. 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанда өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік