23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОртсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды El.kz.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін.
- Фуат Сатыбаев Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
- Фуат Сатыбаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Тапсыру барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Фуат Сатыбаевтың Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал екенін атап өтті.
2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады