Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМексикалық әйгілі суретші Фрида Калоның көпшілікке беймәлім автопортреті Sotheby's аукционында сатылымға шығарылады. Сарапшылар бұл туынды рекордтық бағаға өтуі мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Associated Press агенттігінің дерегінше, «El sueño (La cama)» («Түс (Кереует)») атты картина 40-60 миллион АҚШ долларына бағаланған. Егер ол күтілген сомаға сатылса, бұл әйел-суретшілер еңбектері арасындағы бұрынғы рекордтық көрсеткіш – 44,4 миллион доллардан да асып түседі.
1940 жылы салынған картинада Кало аспанда қалықтап тұрған балдахинді кереуетте жатқан өзін бейнелеген. Оның үстінде динамитке оралған, қолына гүл шоғын ұстаған қаңқа бейнесі орналасқан.
«El sueño (La cama)» – Фрида Калоның Мексикадан тыс жерде сақталған әрі музей қорына кірмейтін сирек картиналарының бірі.
Сондықтан бұл туынды өнер туындысы ретінде де, нарықтағы сатылым тұрғысынан да ерекше мәнге ие, – деді Sotheby's қызметкері Джулиан Доус.
Калоның аукциондағы ең қымбат жұмысы 2021 жылы 34,9 миллион долларға сатылған «Диего және мен» картинасы болған. Алайда жеке коллекционерлерге суретшінің еңбектері бұдан да қымбат бағаға өткені белгілі.
Аукционға шығарылар алдында картинаны Лондонда, Абу-Дабиде, Гонконгте және Парижде көпшілік назарына ұсынады. Сауда 8 қараша күні Нью-Йоркте өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары