6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФранцияның Cixi компаниясы ерекше көлік түрін - Vigoz деп аталатын үш дөңгелекті педальді автомобильді таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа көлік толық жабық кабинамен, үш дөңгелекпен, педальді жетегімен және электрқозғалтқышпен жабдықталған. Vigoz жол қозғалысына қатысуға рұқсат етілген және сағатына 120 шақырым жылдамдыққа дейін жете алады.
Cixi Vigoz моделі PERS (Pedaling Energy Recovery System) деп аталатын педальді тізбексіз жүйемен жұмыс істейді. Жүргізуші педаль басқанда оның физикалық энергиясы электр энергиясына айналып, қозғалтқыш пен аккумуляторды қуаттандырады. Педальдің айналу қарсылығын жүргізуші өз қалауына қарай реттей алады.
Көлік 22 кВт·сағ сыйымдылықтағы аккумулятормен жабдықталған, ол бір толық зарядпен 160 шақырымға дейін жол жүруге мүмкіндік береді. Рекуперациялық тежеу мен белсенді педаль басу арқылы бұл көрсеткішті арттыруға болады. Егер батарея толық разрядталса, көлік педаль арқылы қозғалтқышты айналдырып, қозғалысын жалғастыра алады. Толық зарядтау уақыты - шамамен 6 сағат (үйдегі қарапайым розеткадан).
Vigoz моделінде бұрылыстар кезінде белсенді еңкею жүйесі, толық жабық корпус, жүргізуші мен жолаушыға арналған орындықтар, диодты жарық жүйесі, әйнек сүрткіш және қауіпсіздік белдіктері бар. Көліктің артқы жағында жүк салуға арналған ашық бөлік орналасқан.
Жүргізуші жартылай шалқалай отырады, ал оның басы жерден шамамен 130 сантиметр биіктікте болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі